Previous Page  97 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 97 / 176 Next Page
Page Background

97

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

– Аллаһпен байланысты жоғалту. Бұл дегеніңіз саналы

пенде үшін ең үлкен қасірет болса керек.

Танымал ғалым Атауллаһ Искендаранидің «Һикам»

кітабында: «Аллаһқа иланған құл неден ұтылып,

Аллаһқа сенбеген құл не ұтады?» – деген пәлсапасы

арқылы Аллаһқа иман келтіріп, дүние мен ақыретте

мол бақытқа кенелудің жолын тілге тиек еткен.

Өйткені Аллаһты таныған құл бұл пәни өмірдің соңы

мәңгілік өмірмен жалғасатынын біледі. Ал Аллаһты

танымаған жан өмірінің осы ғұмырмен шектелетінін

ойлап, мазасызданады. Осыдан құл үшін Аллаһпен

тілдесіп, Аллаһпен бірге болу өте құнды мәселе екенін

аңғарамыз.

Намаз – қамшының сабындай қысқа ғұмырымызды

жақсы өткізуге мұрындық болады. Намаз – ақыретте

мәңгілік жаннатқа кірудің басты себебі.

Мұсылманның миғражы болып саналатын на-

мазды тәрк ету Аллаһты ойынан біржола шығарумен

тең. Өйткені, намаз құлшылықтың мәйегі, иманның

негізі. Сондықтан болса керек, құлшылықтың мәнін

терең түсінген әулие құлдар намазын қаза қылса, қатты

қайғыратын. Имам Бұхари риуаят еткен бір хадисте на-

мазды оқымаудың өте ауыр күнә екені жайлы: «Әулие

кісі екінді намазын қаза қылса, бала-шағасын апатта

жоғалтқандай күй кешеді» – делінген.

Ұлы ғұламалардың бірі Сайид Абдулхаким Ару-

аси: «Бір намазымның қаза болуы, дүниедегі барлық

нығметті жоғалтқаннан да қиын» – деп, бұл дүниеде

намаздан артық маңызды істің жоқтығын жеткізген.

Мұнан мынадай сауал туындайды. Намазды қаза

қылу неліктен үлкен қайғы? Немесе намазсыз адам неден

құр қалады? Бұл мәселеге тереңірек үңіліп көрейік: