96
Намаз – діннің діңгегі
Шариғат үкіміне сай белгілі бір себептермен қаза
болған намаз күнә саналмайды. Мысалы, жаудан қорқу,
толғақ қысқан әйелдің жанында болу сияқты себеппен
қаза болса кешірімді. Пайғамбарымыздың да (с.а.с.)
Хандақ шайқасында жаулардың кесірінен намаздарын
кешіктіріп оқығаны бұған дәлел
155
.
Намазды өте кеш бастаған мүмін (яғни балиғат жа-
сына толып бірнеше уақыт өтіп кеткеннен кейін намаз
бастаса) қаза намаздарын өтегісі келсе, «кезінде оқи
алмаған бамдат намазымды, бесін намазымды, екінді
намазымды, т.б. оқуға ниет еттім» деп әр намазға ниет
етуіне болады. Қазаны адамдардың көзінше өтемеген
дұрыс. Өйткені, намазды қаза қылу күнә. Күнәні жұртқа
жария қылмаған жөн
156
.
Адамға ауыр тиетіні жоғалған зат па, әлде
уақытында оқылмай қалған намаз ба?
Бұл өмірде өте құнды әрі жанымызға жақын за-
тымызды жоғалтсақ, қатты қайғырамыз. Күні-түні
жоғалтқанымызды ойлап, мазасыз күй кешеміз. Ол за-
тымыз өте құнды болса, қайғымыз да арта түседі. Қайғы
мен мұңымыз сол заттың құндылығымен өлшенеді.
Алайда ақылы бар жан тосыннан жоғалтып алған
бұл заттың бізге опа бермейтінін, әйтеуір бір күні айы-
рылатын дүниелік зат екенін білсе керек. Ендеше, біз
үшін құнды не бар? Бұл дүниелік жемісі шектеулі заттар
ма? Жоқ әлде мәңгілік бақытты ғұмырымызға себеп
болатын нығмет пе? Өкінуге тұрарлық бірден-бір нәрсе
155
Бухари Сахих 596, Тирмизи.
156
Абдул хамид Махмуд Таһмаз; Фиқһул Ханафи фи саубил
жадид 1/305.