91
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
Осы мәселеге қатысты басқа бір риуаятта хазірет
Әнас (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) миғражға шыққан түні
бізге елу уақыт намаз парыз болды. Аллаһ тағала сол
елу уақыт оқылатын намазды бес уақытқа азайтып; «
Уа,
Мұхаммед! Тәулігіне бес уақыт намаз парыз. Менің
құзырымдағы үкім өзгертілмейді. Сол бес уақыт намаз
құлшылығында елу уақыт намаздың сауабы бар»
144
, –
деді
.
Бес уақыт намазымызда Аллаһ құзырына көтеретін
елу уақыт намаздың сауабы бар. Құран кәрімде бұған
байланысты:
«Бір жақсылық жасаған құлға он сау-
ап беріледі»
145
– деп бұйырылған. Егер біреу бір игі іс
жасағысы келіп, оны орындай алмаса, сол ниетінің сауа-
бын алады. Ал, жақсылықтың шарапатын тигізуге ниет
етіп, айы оңынан туса, оған ең кемі он сауап жазыла-
ды. Кімде-кім тура жолдан тайқып, жамандық жасауға
ниеттеніп, оны орындамаса күнә жазылмайды. Егер сол
қиянатын жасаса, оған осы істеген жамандығы үшін бір
күнә жазылады»
146
, – дейді.
2. Азан қалай шыққан?
Меккедегі мұсылмандар ғибадаттарын жасырын
түрде оқитын еді. Сондықтан ол кезде халыққа жар са
лып, намазға шақыру қажет емес-тін. Ал мұсылман
дар Мәдинаға көшкеннен кейін жағдай күрт өзгерді.
Бұдан былай мұсылмандар ғибадат-құлшылықтарын
жасырмай жасайтын болды. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
мешіті де тұрғызылып қойған еді. Бірақ, намаз уақы
144
Бухари, Бадул - халқ 6; Мәнақибул - ансар 42; Мүслим, Иман
264 (164), Тирмизи, Тафсир иншираһ (3343); Нәсәи, Саләт 1,
(1,217-218)
145
Әнғам, 160.
146
Бухари, Саләт,1; Әнбия; 5; Муслим, Иман 259, 263.