Previous Page  95 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 95 / 176 Next Page
Page Background

95

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

– деді. Сонда хазірет Біләл (р.а.): «Мен сіздерді оятар-

мын» – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен сахабалар

сәл тынығып алу үшін көз шырымын алмаққа жатты.

Өзгелерді оятамын деп жүрген Біләлдің өзі арқасын

түйеге сүйеп отырып, көзі ілініп кетті. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) күн шыққанда ұйқысынан оянды да: «Әй, Біләл,

«оятамын» деген уәдең қайда қалды?» – деді. Біләл

(р.а.): «Дәл мұндай ұйқы бұрын-соңды қыспаған еді»

– деп жауап қатты. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Аллаһ

тағала қалаған уақытта рухтарыңызды алады. Қалаған

уақытында оятады. Біләл, азан шақыр намаз оқиық» –

деді де, дәрет алып, жамағатқа намаз оқытты

153

.

Қаза болған намазды есіне түсісімен дереу оқу

керектігі жайында Пайғамбарымыз (с.а.с): «Кімде-

кім ұйықтап қалып немесе ұмытып кетсе, намазын

еске түскен сәтте оқысын»

154

– деген. Намаз оқу па-

рыз болғаны секілді оны уақытында оқу да парыз.

Сүннет намаздардың қазасы оқылмайды. Тек, бамдат

намазының алғашқы екі рәкат сүннеті парызбен бірге

қаза болған жағдайда бесін намазының уақыты кіргенге

дейін оқылады. Күн шығып жатқанда, күн тас төбеде

тұрғанда және күн батып бара жатқанда күнмен таласып

намаз оқу мәкруһ. Бұл мезеттерден тыс уақыттарда қаза

намаздарды өтеуге болады.

Намазды уақытынан себепсіз кешіктіру күнә. Дер

кезінде өтелмеген парыздың қазасын өтеу сол күнәні

түбегейлі жоймауы мүмкін. Және кешіктірудің себебіне

қарай күнәсінің түпкілікті жойылуы да тек Аллаһтың

кешіріміне байланысты болмақ. Сондықтан да тәубе

жасап, Аллаһтан мейлінше мол кешірім сұрау қажет.

153

Бухари, Мауақит 35, Тауһид 31; Муслим, Мәсәжид 309-311.

154

Бухари Сахих 597.