Previous Page  98 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 98 / 176 Next Page
Page Background

98

Намаз – діннің діңгегі

1. Аллаһпен байланысын (жақындығын) жоғал-

тады. Құл үшін ең маңыздысы – Аллаһқа жақын болу.

Аллаһтан қашық құл бұл өмірде адасу мен күнәға бір

табан жақын тұрады. Осы тұста мына өлшемді есте

ұстайық: «Меніңше, табиғи селден, жер сілкінісінен,

өрттен де асқан қайғы бар болса, ол – адамның

ғапылдыққа салынуы мен Аллаһпен байланысын

үзуі». Құлдың Аллаһпен байланысын кемелдендіретін

нәрсе – намаз. Тіпті бұрынғылар біреудің қандай адам

екенін білу үшін оның намаздағы қимылдарына, Аллаһ

алдындағы ықыласына назар салатын болған. Құлдың

жүрегінде Аллаһтың орны қаншалықты болса, Аллаһ

та өз құзырында құлының орнын соншалықты етеді.

Намазсыз шынайы мұсылман болу мүмкін емес. Бес

уақыт намазын өмірінің өзегі ете алмаған құл діттеген

мақсатына қол жеткізе алмасы анық. Намазсыздың

иманы әлсіз келеді. Өйткені иманды діндегі істеген

құлшылық қана бекем етеді.

2. Аллаһқа шүкір етуді ұмыттырады. Адамның

өмірдегі бар мақсаты – құлшылық жасау мен шүкіршілік

қылу. Намаздың «әл-хамд» сөзімен, яғни Аллаһқа

мадақпен, шүкір етумен басталуында терең хикмет бар.

Барлық жаратылыстың шүкірін Аллаһ тағалаға намаз

ұсынады. Намаз тәсбихті (Аллаһты барлық кемшіліктен

пәктеу), тақдисті (Аллаһ тағаланы ұлықтау) және шүкір

етуді де қамтиды.

Ал намаз оқымау Аллаһқа шүкір етпеумен,

әлемнің иесі Раббымызға сараңдық танытумен тең,

яғни мұншалық рызық берген Раббымызға лайықты

шүкірімізді білдіре алмағандығымыз.

Онсыз да, әй, нәпсім:

عبودية ليست مقدمة مكافأة اللحقة

بل نتيجة لنعمة السابقة

«Біздің құлшылығымыз о дүниеде