Previous Page  90 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 176 Next Page
Page Background

90

Намаз – діннің діңгегі

шарқын білемін. Олар көп құлшылыққа шыдас бермейді.

Раббыңнан елу уақыт намазды жеңілдетуін сұра

» –

дейді. Әлемді рақым нұрына бөлеген Пайғамбарымыз

(с.а.с.) берекелі алақанын жайып, Аллаһтан жеңілдік

сұрайды.

Сол сәтте елу уақыт намаздың оны кемігені жайлы

Аллаһтан хабар келді.

Мұса (а.с.) Аллаһ елшісіне (с.а.с.): «

Тілегіңнен кейін

Аллаһ не бұйырды?

» деп сұрады.

Мұхаммед (с.а.с.): «

Он уақыт намазды азайтты

»,

– деді.

Мұса (а.с.): «

Раббыңнан қайтадан тіле! Үмбетің

үшін тағы да ғибадатты азайтуды сұра

!» – деді. Аллаһ

елшісі (с.а.с.): «Мен қайтадан тілеп едім, Раббым тағы

да он уақыт парыз намазын қысқартты. Қайта оралып

хазірет Мұсаға (а.с.) жолықтым. Ол бағанағы айтқан

сөзін қайталап намазды азайтуды сұраған еді. Намаз

уақыты беске дейін азайтылғанша Раббым мен хазірет

Мұсаның (а.с.) арасында жүрдім де қойдым».

Ақырында Мұса (а.с.) Мұхаммедке (с.а.с) жолы-

ғып: «

Аллаһ қанша уақыт парыз бұйырды

» – деді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «

Күніне бес уақыт намаз оқу-

ды

деп жауап қатты.

Мұса (с.а.): «

Сенің үмбетіңе бес уақыт намаздың

да ауыртпашылығы тиеді. Раббыңнан бұл құлшылықты

тағы да жеңілдетуін өтін

» – деді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «

Енді мейірімі шексіз

Раббымнан ғибадатты азайтуды сұраудан ұялдым»

– деді. Сөйтіп Аллаһқа тағы алақан жаюға ұялып,

Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы бес уақыт парыз намазына

тоқтады.