Previous Page  76 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 176 Next Page
Page Background

76

Намаз – діннің діңгегі

толығатын

124

. Бұл жайында Құран кәрімде: «Аллаһ тағала

Пайғамбарымызға (с.а.с.): «

Сен олардың ішінде

(соғыс

майданында имам болып)

тұрған кезде, олардың бір

бөлігі сенімен бірге намазға тұрсын, барлығы қаруларын

алсын. Сонда қашан олар сәжде қылса,

(саған ұйып бір

рәкат оқыса)

олар арт жақтарыңда

(жау жақта)

бол-

сын. Екінші намаз оқымаған топ келіп, сенімен бірге

намаз оқысын, қорғаныстары, қару-жарақтарын да

жандарына алсын. Өйткені кәпірлер сендердің қару-

жарақтарың мен заттарыңнан қаперсіз болуларыңды,

ту сырттарыңнан шабуыл жасауды ойлайды. Егер

сендер жаңбырдан бір қиыншылық көрсеңдер немесе

науқастансаңдар, қару-жарақтарыңды қоюларыңның

оқасы жоқ. Сондай-ақ сақтаныңдар. Негізінде, Аллаһ

тағала кәпірлер үшін қорлаушы азап әзірлеген»

125

, –

деп, соғыс уақытында намаздың қалайша оқылатынын

түсіндірген.

Бәдір соғысының қиын-қыстау кезеңінде Әли

(р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сәждеде дұға қылып

жатқанын көреді. Соғыстың ең алдыңғы сапында жау-

мен қорықпай айқаса білген Нәби (с.а.с.) Аллаһтың уәде

еткен жеңісіне қол жеткізу үшін үздіксіз жалбарынып

жатыр еді. Әли (р.а.) Пайғамбармыздың (с.а.с) дұға

еткенін көрген соң, қайтадан жаумен арпалыса бастады.

Алайда, Әлидің (р.а.) бар ойы Пайғамбарымыз жақта

еді. Қайтадан жанына келіп, дәл әуелгідей дұға жасап

жатқанын көріп, қайта соғыса жөнеледі. Соғыс бітуге

таяды. Әли (р.а.) қайта Пайғамбарымыздың жанына

келді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) әлі дұға қылып: «Я Хайй,

я Қаййум болған Аллаһ тағалам», – деп жатыр екен.

124

Тирмизи, Тафсир, 4/303 6.

125

Ниса, 102.