78
Намаз – діннің діңгегі
мешітке барып, жамағатпен намаз оқыған еді. Ажал
аузында тұрса да: «Намаз!»
128
– деп үш мәрте қайталап,
намазға қатты көңіл бөлу керектігін үмбетіне өсиет ет-
кен.
Жаратушымызға жақындататын исламның тірегі –
намаз. Намаз тіпті адамның жаннатқа кіруіне, Аллаһтың
жамил (әдемі) дидарын көруге де себеп.
Намаз – мұсылманның қорғаны
Бірде мұсылмандардың қас жауы Әбу Жәһіл өздері
табынатын пұттарға, яғни Лат пен Уззаға ант етіп: «Егер
Мұхаммедтің Қағбада намаз оқығанын көрсем, тура
мойнын үзбей қоймаймын», – дейді.
Күндердің күнінде Қағбаның маңайында Аллаһ
елшісінің (с.а.с.) намаз оқып тұрғанын көреді. Есесі
кеткен кісідей сертін орындау үшін пайғамбарымыздың
(с.а.с.) ту сыртынан жақындай беріп, кенеттен
қолдарымен әлденеден қорғанып кейін шегінеді.
Мұны көргендер себебін сұрағанда ол: «Мұхаммедке
жақындаған кезде ортамызда ор пайда болып, онда
жалындаған от жанып жатты. Қатты қорқып кеттім
және бірнеше қанаттар көрдім», – деген. Бұл жөнінде
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзі: «Егер Әбу Жәһіл маған
жақындағанда, періштелер оның күл-талқанын шығарар
еді», – деген. Өйткені, сол кезде Жебірейіл мен Ми-
кайл атты екі періште Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
екі иығында арыстан кейпінде айбар көрсетіп тұрған
екен
129
.
Басқа бір риуаятта Әбу Жәһілдің мына сөздері бұл
ақиқатты растай түседі: «Екеуміздің арамызда аузын
128
Әбу Дәуіт, Әдеп, 133.
129
Фаһриддин әр-Рази, Тафсирул - кәбир, 31 т. 20 б.