55
Жамағатпен намаз
тың кітабында (Тауратта): «Жұма күнінде бір сағат бар.
Мұсылманның намазы сол сағатқа сай келіп, Аллаһқа
дұға қылса, тілегі орындалады» – дедім. Менің бұл
сөзіме Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Сол сағаттың бір
бөлігінде» – деп түзеді. Мен: «Дұрыс айтасыз, сол
сағаттың бір бөлігінде» – деп, сөзімді одан әрі жалғап:
«Бұл уақыттың қай мезетте екенін айтасыз ба?» – деп
сұрадым. Маған «Күндіздің соңында» – деп жауап
қатты. Мен: «Бұл сағат намаз уақытымен қатар келмей-
тін шығар» – деп едім, маған «Мұсылман намаз оқып
болып, келесі намазды күтсе, намаз оқып тұрғандай сау-
ап жазылады»
75
– деді. Және бір хадисте имам мінберге
шыққаннан бастап, намазды оқытып болғанға дейінгі
уақыт делінсе
76
, екінші бір хадисте екінді уақытының
соңғы сәттерінен іздеңіздер делінген
77
. Олай болса,
бұл сағаттың нақты қай уақытта екендігін білмесек те
жұма күні екендігі белгілі. Сондықтан ораза айының
Қадір түні секілді, бұл қасиетті сағат та жұма күнінің
бір бөлігінде жасырылған.
Жұма намазына дайындық
Жұма күні мұсылмандар үшін шаттығы асып-тас-
қан мейрам секілді. Жұма күнінің уақыты бейсенбі-
нің ақшамынан басталып, жұманың ақшамына дейін
жалғасады. Әрине, бұл күнге дайындықты тазалықтан
бастау керек. Яғни, рухани һәм материалдық тазалық.
Тазалықтың ең үлкені – денені толығымен жуып,
ғұсыл құйыну. Мұны кейбір ғалымдар сүннет десе,
енді кейбірі парызға жатқызған. Ибн Омар (р.а): «
Кім
75
Ибн Мажә, Иқама 99; Муснад, 5/450.
76
Әбу Дәуіт 1051 - хадис
77
Әбу Дәуіт 1050 - хадис