Previous Page  53 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 53 / 176 Next Page
Page Background

53

Жамағатпен намаз

жеңіл күнәлары кешіріледі»

70

деген. Осылайша Екі

Жаһан саруары (с.а.с.) күнді, аптаны, жылды белгілі

бір кезеңдерге бөліп, ол кезеңдерде істелген ізгі амал

мен ғибадаттардың кіші күнәларды жуып-шаятынын

білдірген. Яғни, Аллаһ тағала жер бетінде Меккені,

айлардың ішінде Рамазан айын, күндерден жұма күнді,

түндерден Қадір түнін қасиетті қылған

71

.

Алғашқы жұма намазы

Пайғамбарымызға (с.а.с.) әу басында Мекке қала-

сында тұрғанда, жұма намазын оқу міндеттелмеген

еді. Аллаһ тағаланың бұйрығымен Меккеден Мәдине

қаласына көшіп бара жатқан жолда, жол-жөнекей

Құба ауылына аялдаған болатын. Төрт-бес күн аялдап,

осы ауылға мешіт соғады. Сосын жұма күні Құбадан

шығып, тау арасындағы Салим ибн Ауфұлдарының

аңғарына келіп жетеді. Сол кезде Жәбірейіл періште

Пайғамбарымызға (с.а.с.) жұма намазының парыз

болғанын айтып, ең алғашқы жұма намазын оқиды.

Осылайша Аллаһ елшісі (с.а.с.) жұма намазының парыз

болғандығын жариялады.

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезеңінде имам мінберге

шыққанда азан шақырылып, сонан соң намазға тұру

үшін қамат айтылатын. Бұл үрдіс Әбу Бәкір (р.а.) мен

Омардың (р.а.) халифаттық кезеңіне дейін жалғасын

тапты. Бірақ мұсылмандардың саны күннен күнге

өсіп, қатары көбейіп, қалалар салынып, кей қалалар

үлкейгендіктен азанның дауысы алысқа жөнді

естілмейтін болды. Сол себепті Осман (р.а.) имам

мінберде тұрғанда шақырылатын азанмен қоса, көпшілік

70

Муслим,Тахарат 14; Тирмизи, Саләт 160.

71

Имам Ғазали; Ихия Улумиддин 1587.