48
Намаз – діннің діңгегі
отыр! Барлық намазыңды осылайша ықыласпен оқы
»
62
–
деп, намазды асықпай, әрбір рүкіндерін толық орын-
дап, көңіл толып, тұрақтанғанша кідіру қажет екенін
үйретеді.
Айша анамыз (р.а.) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) рүкүғқа
барғанда басын қатты жоғары көтермей, не қатты төмен
түсірмей, екеуінің арасында ұстайтынын айтқан. Тағы
бір риуаятында: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сәждесі,
рүкүғы, отырысы, екі сәжде арасындағы отырысы
бірдей тең болатын» – делінеді
63
.
Бұл хадистерде намазда асығып «тағдил арканға»
немқұрайлы қараудың кемшілікке жататыны айтыл-
са, екінші жақтан намазды шектен тыс ұзақ оқудың
да бір астамшылық екені де білдірілген. Бұған дәлел
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына оқиғасы. Әбу Масғуд
Ансари (р.а.): «Бір күні бір кісі келіп: «Уа, Аллаһтың
елшісі, пәленше (Муаз ибн Жәбәл (р.а.)) бізге намаз
оқытты. Бірақ өте ұзақ оқытқаны соншалықты – на-
мазды ортасынан үзе салғым келді», – деді. Сон-
да Пайғамбарымыз (с.а.с.) қатты ашуланды да,
мұсылмандардың басын қосып:
«Уа, адамдар! Сіздерде
жек көрсету сипаттары бар. Араларыңызда намаз-
да имам болғандарыңыз болса, жеңілдетсін. Өйткені
жамағаттың арасында науқастары, әлсіздері бар»
–
деп, жамағатқа имам болғанда мейлінше оларды қиын
сынаққа салмай, жеңіл һәм орташа оқудың дұрыстығын
түсіндірді»
64
– деген.
62
Әбу Ләйс Самарқанди, Танбиһул-ғафилин, 358 б.
63
Әбу Дәуіт, Сунән 582.
64
Бухари, 1, 31.