46
Намаз – діннің діңгегі
нәр алатындықтан, сәждеде. Яғни, көкірек көзі ояу жан
намаздағы барлық амалдарды айналадағы қоршаған
табиғаттан танып-біле алады.
Тағдил әркан
Араб тіліндегі «тағдил» сөзі – «туралау, дұрыстау»
деген мағынаны білдіреді. «Әркан» сөзінің мағынасы
«тірек» деген ұғымға саяды. Яғни намаздағы қиям,
рүкүғ, сәжде секілді намаздың негізгі тіректері «әркан»
сөзімен тікелей байланысты. Осыдан кейін шығатын
«тағдил әркан» тіркесінің мағынасы намаздағы қиям,
рүкүғ, сәжде секілді тіректерді толықтырып, оны орын-
орнымен, дұрыс орындау деп түсінеміз.
Тағдил әркан намаздағы қиям, рүкүғ, сәжде немесе
екі сәжде арасындағы аз уақыт аялдап отыру секілді
амалдарды толық орындау арқылы іске асады. Мыса-
лы, қиямнан иілгенде, рүкүғта біраз кідіру керек. Сол
секілді рүкүғтан тұрғанда қиямда сәл кідіріп, толық
қиямда тұрғанымызды сезінуіміз керек. Сәждеде және
екі сәжде арасындағы отырыста да артық қимылға бар-
май, сәжде жасағанда асықпай, байыппен толық орын-
дау тағдил әрканға жатады.
Мұсылман намаз оқығанда жан-тәнімен Аллаһ
тағаланың құзырында тұрғандай сезініп, «Аллаһтың
бұйрығын қалтқысыз орындауым керек» деген оймен
тұрады. Тік тұрғанда сырттан бір қараған жан оның
қиямда тұрғанын біледі. Аллаһқа бар ниетімен бас игені
соншалық, рүкүғынан еш кемшілік таппайды. Сәждеде
де тап солай. Сәждеге басын қойып, үш мәрте «Субхана
раббиял аләә» деп, ұзын да емес, қысқа да емес түрде
сәжде жасайды.