Previous Page  41 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 176 Next Page
Page Background

41

Намазға ниет

оған иман етіп, дүние мен ақыретінде де бақытты ғұмыр

кешуіне жол көрсетіп, лайықты құл қылды. Қиям –

құлдың Аллаһтың берген мұнша нығметтерін, сыйын,

есіне түсіріп, ақыретте есеп беріп, Аллаһтың құзырында

тұрғанын елестетеді. Намаз жайлы айтылғанда

Құранда

«Аллаһқа бағынып, түрегеп тік тұрыңдар»

53

делінген.

Қырағат

«Қырағат» – «

оқу, Құран оқу»

деген мағынаны

білдіреді. Намазды «Аллаһу әкбар» сөзімен бастап,

(Раббымыздан) Ібілістің азғыруынан сақтанып, «Әғузу

билләһи минәш-шәйтаанирражим, Бисмилләһир рах-

манир рахим» (лағынеттелген шайтаннан сыйынамын.

Аса мейірімді, ерекше қамқор, Аллаһтың атымен ба-

стаймын) деп сыйынамыз. Осылайша, өз әлсіздігін

мойындаған құл Аллаһқа жалбарынады. Жаратушымен

тілдесіп, тек қана Соған құлшылық қылатынын шынайы

ықыласымен білдіреді. Құранда

«Құраннан жеңіл кел­

генін оқыңдар»

54

делінген.

Рүкүғ

Рүкүғ –

«иілу»

деген сөз. Ол – намаз рүкіндерінің

бірі. Қиямнан кейін қос қолымызды тіземізге тіреп,

еңкейіп, Аллаһқа бас иген сәтіміз – рүкүғ болып та-

былады. Рүкүғтің ең абзалы, Пайғамбарымыз (с.а.с.)

сияқты бас пен арқаны түп-түзу етіп иілу.

Рүкүғ ұдайы құлшылығын иіліп жасайтын жану-

арларды еске түсіреді. Сол себепті мұсылман пенде:

«Аллаһ тағалам, өзіңе сансыз шүкір арнаймын! Бізді

53

Бақара, 2/138.

54

Мүзәмміл, 73/20.