37
Намазға ниет
келіңдер деген сөз. Тазалық – имандылықты білдіретін
сипат. Иманы бар жан тазалықты қадағалайды. Олай
болса, намазбен Аллаһтың құзырына шыққанда, дене,
киім және жүрек тазалығына баса мән берген жөн.
Намаздағы іс-әрекеттердің мәні мен
мағынасы
Ниет
Барлық ғибадаттар секілді намаз үшін де ниет ету
шарт. Ниет «ұмтылыс пен шынайы жүрек қалауынан»
тұрады. Яғни, жүректің қалауы мен ол амалды неліктен
істейтінін білуі – ниет болып саналады. Құлшылық пен
жай істің айырмашылығын ниет қана бөліп тұрады.
Ниеттің негізгі мекені – жүрек. Ниет дегеніміз –
істелетін амалды шын жүректен қалау. Жүректің түбінен
буырқанып шықпай, тек тілмен ниеттеніп жасалған
құлшылық дұрыс емес. Намаздағы ниетті тілмен айту,
яғни, жүректің қалауындағы сөзді тілмен жеткізу шарт
емес. Яғни, Ханафи мәзһабының көзқарасы бойынша
жүректегі ниетті тілмен жеткізу «мұстахаб» болып
есептеледі. Бұл жайлы Имам Раббани: «Ғапылдыққа
берілген заманда ниетті тек тілмен айтпау керек.
Өйткені, шын ниет жүректі тебірентуі тиіс» – деген.
Намаздағы ниет – Аллаһ разылығы үшін намаз оқу
және қай намазды оқитынын білу. Істелетін ғибадаттың
маңыздылығы мен сауабы әлгі амалдың ниетіне тікелей
байланысты. Мүмін бір істі Аллаһ разылығы үшін қолға
алса, ниетінің сауабын Аллаһ береді. Ал, ойға алған
ісін бос мақтан қуып, адамдарға көрсету үшін рияшыл
дықпен жасаса, сауабы былай тұрсын, күнәсін арқалауы
мүмкін.