Previous Page  33 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 176 Next Page
Page Background

33

Намазға ниет

Хадистегі «қате» сөзі «күнә» деген мағынада

айтылған. Күнә жасамайтын һәм жаза баспайтын адам

жоқ. Егер біреу: «Мен ешқашан қателікке бой алдырып

көрген емеспін, күнә жасамадым» – десе, сол сәтте ең

үлкен қателік жіберген болады. Өйткені, күнә атаулы-

дан пәк тек пайғамбарлар мен періштелер ғана. Олай

болса, нәпсіге еріп күнә жасап жатқан адамдар күйбеңі

көп тіршілікте, күнделікті өмірде жиі кездесіп жатады.

Сол күнә істегендердің ең абзалы – күнәсін мойын-

дап, екінші мәрте қайталамауға өзіне серт беріп, тәубе

қылғандар. Аллаһ тағала Құран кәрімде өзіне серік

қосқаннан басқа күнәнің барлығын кешіретінін айтса,

бір хадисте: «

Адамзаттың барлығы қателесіп, күнә жа-

сайды. Ал күнә жасағандардың ең қайырлысы тәубеге

келгендер

»

45

– делінген. Жалпы тәубаға келіп, қатесін

жуып-шаюы да, оның тақуалығының артып, тозақ

отынан алыстауына себеп болмақ. Хадисте айтылған

«

дәреженің жоғарылауы

» деген сөз тікелей жаннат-

тағы дәрежесінің жоғарылауын білдіреді. Өйткені, ха-

дистерден білетініміздей, жаннаттың жүз дәрежесі бар.

Олардың әрқайсысының арасы жер мен көктей. Мұнан

шығатын қорытынды төменде айтылатын амалдардың

әрқайсысы біздер үшін өте маңызды болмақ. Сондықтан

хадистегі айтылған жайларға тереңірек үңіліп көрелік.

Бұл хадис үш маңызды мәселені қамтиды.

Бірінші мәселе: «Дәрет алу қиынға соққан сәтте

қиындығына қарамастан, кемшіліксіз дәрет алу».

Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәрет алуды арабтардың «исбағ»

сөзімен түсіндірген. Бұл сөз дәретті кем-кетіксіз,

яғни ауызға, мұрынға су жүгірткенде, аяқ пен қолды

жуғанда толығымен жуу керектігін білдіреді. Хадисте

45

Тирмизи, Қиямат, 49.