Previous Page  29 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 176 Next Page
Page Background

29

ІІ ТАРАУ

намазға ниет

Намазға дайындық

Кез келген ғибадатты бастамас бұрын руха-

ни дайындалу қажет екені даусыз. Қандай да бір

амалдың нәтижелі әрі пайдалы болуы, алдын ала жа-

салатын дайындығына байланысты. Дайындыққа

ыждағаттылықпен мән берілсе, оның нәтижесі де жемісті

болмақ. Мысалы, Рамазан айы келгенде астан тыйылып,

ораза тұтуымыз мүмкін. Бірақ, ораза айы келмей тұрып

жасаған дайындығымыз жақсы болмаса, ол айдың

қалай өткенін де байқамай қаламыз. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) рамазан айы тумай тұрып-ақ, шағбан айын

түгелдей оразамен өткізетін

41

. Сонымен қатар басқа

айларда аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ауыз

бекітетін. Біз де Пайғамбарымыз (с.а.с.) секілді оразаға

жақындасақ, шынайы ғибадаттың қадір-қасиетін сезіне

түсеміз. Дәл осы секілді барша құлшылықты бір бо-

йына тоғыстырған парыз намазға да дайындық қажет.

Парыз намазының алдындағы дәрет, азан, нәпіл намаз

сынды ғибадаттың барлығы дайындықты құрайды. Осы

дайындықтарға мән беріп ұқыптылықпен қараған сайын

парызды да жақсы өтейтін боламыз.

Намаз пендені Аллаһтың құзырына шығарады.

Олай болса, мұндай ізгі мақсатқа жетелейтін арадағы се-

бептер де өте маңызды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «

Кімде

41

Муслим, Салат, 176.