Previous Page  32 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 176 Next Page
Page Background

32

Намаз – діннің діңгегі

осы оймен, осы сезіммен, рүкүғқа апарып, сәждеге бас

қойғызады.

Мүмін намаз барысында «Аллаһу әкбар», яғни, «Иә,

Аллаһ, Сен ұлысың, мен әлсізбін» – деп, кішіпейілділік

танытып, өзінің құл екенін жан-тәнімен сезіне алады.

Пенде намазы арқылы Аллаһпен сұхбат аясына

шығады. Бұл сезімнің асқақтығы соншалық – хазірет

Мұхаммедтің (с.а.с.) миғраж түні Аллаһтың құзырына

барып, Аллаһқа сәлем бергені секілді, ол да «әт-

тахиятта» тікелей Аллаһқа сәлем береді. Ұлы Жарату-

шыдан рақым тілейді.

Қиыншылықта алынған дәреттің сауабы

Бірде Расулаллаһ (с.а.с.) «Қателіктерді өшіріп,

дәрежелеріңді көтеретін нәрсенің не екенін айтайын ба?»

– деп сұрағанда, сахабалары: «Айтыңыз, уа, Аллаһтың

елшісі!», – деп жамыраса кетеді. Сонда Пайғамбарымыз

(с.а.с.): «Қиындығына қарамастан кемшіліксіз дәрет

алу; мешітке барарда ұзақ жол жүру; бір намаздан кейін

екінші намазды асыға күту», – дейді.

Артынша сөзін жалғап: «Иә, (рибат) шекарада

күзетте тұрған әскердің деңгейіндей Аллаһпен байла-

ныста болу дегеніміз осы»

44

– деп сөзін тәмамдайды.

Бұл хадис «

Қателіктеріңді өшіріп, дәрежелеріңді

көтеретін амалдың не екенін айтайын ба

?» деп

адамның көңілін бірден аударатын, қаратпа сөзбен ба-

сталады. Көңілі ояу адамның өзі кей кездері маңызды

нәрселерге мән бер-меуі мүмкін. Сондықтан, Аллаһ

елшісі бұл мәселелердің өте маңызды екенін ұқтыру

үшін әуелі сахабаларының назарын өзіне аударып

алғанды жөн көрген.

44

Муслим, Тахарат, 41.