Previous Page  31 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 176 Next Page
Page Background

31

Намазға ниет

Азан – дәреттен кейінгі намаздың жақындағанын

білдіретін екінші ескерту. Мешітке бара жатқанда

басқан әрбір қадамымыз, Аллаһ алдындағы дәрежемізді

жоғарылатады. Осындай ізгі қадаммен Аллаһтың үйі

мешітке жетеміз. Мешітке кіре сала, мешіт ақысына

сәлем ретінде екі рәкат намаз оқимыз. Осылайша нәпіл,

сүннет намаздарды оқу арқылы, рухани азығымызды

тағы да арттырып, Аллаһқа жақындай түсеміз. Бұл –

парыз намазымыздың уақытының таяғанын білдіретін

үшінші ескерту. Намазымызбен Аллаһқа бет бұрып:

«Уа, Аллаһ тағалам, әрдайым жүзімді саған бұрып,

іздегенімді сенен табайын. Сені көріп, сені естиін, тек

сені ғана сезейін. Өйткені, сенен басқаларға көңіл бөлу,

басқа нәрселермен шұғылдану – бекершілік» – деп жал-

барынып, шынайы ықыласымызбен Аллаһтан қалаған

тілегімізді сұрап, өзіміздің әлсіз, қауқарсыз екенімізді

мойындаймыз.

Нәпіл намазына ықыласпен ден қою, парыз

намазының ықыласпен орындалуына септігін ти-

гізеді. Нәпіл намазды көбейткен сайын Аллаһқа

жақындығымыз, парыз намазға деген құлшынысымыз

еселене түседі.

Намаз оқу уақыты тақағанын есімізге алып, дәрет

алдық. Сүннет намазын оқыдық. Дәл осы сәтте әсем

әуезі бойды шымырлататын азаншының «қамат» айтқан

дауысы естіледі. Мұның бәрі бізді қобалжытатын ең

соңғы сәт, ең соңғы ескерту. Егер бұл соңғы сәтте

жүрегіміз лүпілдей алмаса, рухани құлшынысымыз

оянбаса, бізде бір кемшілік бар деген сөз.

Әуезді «қамат» мұсылманға Аллаһтан өзгені есінен

шығартып, ең соңғы ескертуді жасайды. Жүректен

буырқана шыққан «Аллаһу әкбар» мүмінді тебірентіп,