Previous Page  26 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 176 Next Page
Page Background

26

Намаз – діннің діңгегі

Араб тілінде адамды «

инсан

» деп атайды. Біздің

тілге аударсақ, «ұмытшақ» деген мағынаға саяды

екен. Аллаһ тағаланың үйіп-төгіп бере салған мол

нығметтерінің егесі кім екенін тарс ұмытып, адамның

сол ырыс-несібенің есебін ойламауы, я бір сәтке бол-

са да ертеңгі күнге көз жібермеуі осымен астарласып

жатса керек. Біздің күйімізді бізден де жақсы білетін

Аллаһ тағала екі аяқты пақырдың ұмытшақтығын

да назардан тыс қалдырмай, диірменнің тасындай

зуылдаған бір тәуліктің 24 сағатын бірнеше бөліктерге

бөліп, сол бөліктердің белгілі бір мезеттерінде, жасаған

амалдарына есеп беріп, таразылап, бұйырған барлық

ырыс

-

берекелерді ұмытпай, әрдайым Өзін еске түсіріп

тұруымызды қалаған. Бес күндік пәниде бала-шаға бағу,

күнкөріс секілді дүние тіршіліктері Аллаһты ұмыттыруы

мүмкін. Ал Аллаһ тағаланы ұмытқан адам дүниеде де,

ақыретте де оңбайды. Сондықтан мұсылмандар күндіздің

белгілі уақыттарында дүниенің алдамшы істерінен

бойды тежеп, Жаратушыны еске алып намаз оқиды.

Ғибадат арқылы өздерін жамандықтан тыяды, шынайы

рызық берушіні таниды. Құран кәрімде де Аллаһ тағала:

«Расында, намаз мүминдерге белгiлі уақыттарда (оқу

үшін) парыз қылынды»

31

– деп уақытылы намаздың

маңыздылығын білдірген. Бірақ Пайғамбарымыз (с.а.с.)

бен сахабалар жеті қараңғы түнде Аллаһтан бір сәтке

болсын ғапыл қалудан қорқып, күндізгі бес уақыт

намазды жеткілікті санамай, түнгі Таһажжуд намазын

да оқыған.

Құл намаз арқылы Аллаһты еске алып отырады.

Нығмет атаулының иесі Аллаһ екенін намазда мойын-

31

Ниса, 103.