Previous Page  22 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 176 Next Page
Page Background

22

Намаз – діннің діңгегі

ып, жұмсалған күш-жігерді қайта қалпына келтіруге,

шаршау мен шалдығудан тыныстап, қан айналымын

қалпына келтіруге ең бір қолайлы мезгіл. Дәл осы кезде

қимыл-қозғалыс жасау өте пайдалы.

Намаз оқығанда белді иіп, рүкүғке келу, маңдайды

жерге тигізген сәжде денені тұтастай қозғалысқа түсіріп,

қан айналымының жақсаруына септігін тигізеді. Ас

қорытуды күшейтіп, адамның асқа деген тәбетін аша

түседі. Бұған қоса рүкүғ, арқа мен асқазан бұлшық

еттерінің қуатын арттырып, асқазанның айналасында

пайда болған майларды ыдыратуға көмектеседі.

Сәжде болса, балтыр мен сандағы бұлшық еттердің,

ішек қызметімен қоса асқазанның жұмысын қалпына

келтіреді. Қанның денеге түгел тарауын қамтамасыз етіп,

бұлшық еттердің әлсіздігі мен бездің тым белсенділік

танытуынан асқазанда түрлі жараның пайда болуына

жол бермейді. Намазда қол, аяқ, бас түгелдей қимыл-

қозғалыста болатындықтан, мұндай әрекеттер денедегі

бүкіл буын, бұлшық ет, сүйектерге де тиесілі. Намаз

дененің жоғарғы жағындағы қанды түсіріп, төмендету

операциясын жүзеге асырады. Осы себепті егер намаз-

ды толық орындаса, қан қысымы сияқты аурулардан

құлан-таза айығары сөзсіз.

Намаз жүйке жүйесін тыныштандырып, мұң-

қайғыны бір сәтке ұмыттырып, рахат сезім сыйлайды,

жүрек қағысын күшейтіп, қан айналым жүйесіндегі

ақауды реттейді, күйзелістен арылтады. Тіпті қайғы-

мұңға қатты салынып, жүйкесі жұқарып, ұйқысыздық

ауруына ұшырағандарға да таптырмас ем. Расында да,

ұйқыны жүйелейтін бірден-бір жаттығу ол – намаз.

Білікті дәрігерлердің өздері амалы құрып ем таба

алмай қиналғанда, намаздың бір ғана қырынан шипа