21
Намаздың мәні
мана, дәуірлерге тән құдіретті мұғжизаларды, рақым
сыйларын көрсете алады»
26
.
Сөзімізді түйіндей келе айтарымыз, жаратылыстағы
асыл мақсатымыз – Жаратқанға құлшылық жасау. Ал па-
рыз боп міндеттелген намаз болса, өзінің бес уақытында
мүминдерді Аллаһтың мархабатына бөлейді. Намазды
әр түрлі уақыттарда атқару адам үшін де ыңғайлы. На-
мазды уақтылы ықыласпен оқыған адамға Аллаһтың
рақымы жаумақ.
Намаздың пайдасы
Намаз оқу – адамның көңіл айнасын тазалай-
ды әрі оның денсаулық үшін де пайдасы ұшан-теңіз.
Атап айтқанда, «арнайы уақыттарда жасалатын дене
қимыл-қозғалыстарының адамға тигізер әсері мол.
Өйткені, намаз уақыттары қимыл-қозғалыс жасау
үшін ең қолайлы уақыттар болып табылады. Мысалы,
таңертең күн шықпай тұрып таза ауамен тыныстап,
жаттығу жасау адамның ұйқысын ашса, түскі уақыт
жұмыстан кейін дәрмені азайып шаршаған дененің
әл жинауы үшін бір сәтке тынығуына жақсы. Екінді
уақыты күні бойғы жұмыстың аяқталуға жақын сәті
болғандықтан, ұнжырғасы түскен тұла бойды шаршап-
шалдығудан арылтады (кейде өмір бойы тоқтаусыз бір
іспен шұғылданатын адамдарда мамандықтарынан
туындаған аурулар, рухани күйзелістер болатындығы
белгілі). Ақшам уақыты – бір күндік жұмыстың
аяқталып, емін-еркін бой жазып демалуға дайындала
бастаған кез. Түнгі уақыт болса, қым-қуыт сапырылы-
сып, шумен өткен тіршіліктің бір күндік парағын жау-
26
С. Сених. Құлшылық құпиясы (Ауд. Қ. Бағашар) 12 б.