Previous Page  20 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 176 Next Page
Page Background

20

Намаз – діннің діңгегі

Аллаһтың құдіретті күшінің өктемдігі мен құдайылық

ісін паш етеді. Қою қараңғы түн болса қысты да, қабірді

де, Бәрзаһ әлемін

25*

де қатар еске түсіріп, Аллаһтың

рақымы мен мейіріміне адам жанының мәңгілік зәру

екенін білдіргісі келгендей, адам санасын қалың ойға

шомдырады. Түн ішінде «Тәһажжүд» намазын оқу –

қабір қараңғылығы мен Бәрзаһ әлемінің тас түнегіне

тап болғанда аса қажет жарығы мол сәуле екенін

білдіріп ескерту жасайды. Осыншама көз тартарлық,

құпияға толы құбылыстар мен нығмет атаулының бір

ғана шынайы иесі – Аллаһ тағаланың шексіз мейірімі

мен шапағатын, жақсылығы мен құдіреттілігін ақылға

салып, бағамдай білсеңіз, Оның мадақ пен мақтауға,

шүкір мен алғысқа қаншалықты лайық екеніне көзіңіз

жетеді.

Ертесі күнгі рауандап атқан таң шапағы болса,

мүлгіген өлі тыныштықтан кейін қайта тіріліп жина-

латын Хашыр және Қиямет күнінің мезгілін елестетеді.

Иә, түн қараңғылығы сейіле бастағанда таң шапағы,

қаһарлы қыстан соң жұпар иісі аңқыған көктем лебінің

есетіндігі қалайша заңды құбылыс болса, өлгеннен

кейін қайта тірілетін Хашыр мезгілінің туып, Бәрзаһ

көктемінің келетіндігі де дәл сондай бұра тартуға

келмейтін заңды құбылыс.

Демек, осы бес уақыттың әрқайсысында маңызды

бір ауысу үрдісі жүреді. Олар сондай-ақ жоғарыда

айтылғандай кең шеңбердегі үлкен өзгерістерді үнемі

еске салып тұрады. Анығында, Жаратушы бір күндік

іс-қимыл арқылы бір жылдық, бір ғасырлық, тіпті за-

25

Бәрзаһ әлемі – өлген адам рухтарының Қияметке дейін сақ-

талатын жері.