16
Намаз – діннің діңгегі
Бұл аятта «
дулукиш-шәмс»
деп – бесін мен екіндіні,
«ғасақил-ләйл
» деп ақшам мен құптанды, «
қуранәл-
фәжр
» деп бамдат намазына ишарат етілген.
Бұл екі аяттан басқа:
«Күндіздің екі жағымен,
түннің таңға таяу бөлігінде намазды толық орында,
шындығында жақсылық жамандықтарды өшіреді»
деген аят бар
19
. Бұл аяттағы күндіздің екі жағы деп
бұйырылған намаздың біреуі –
таң намазы
. Ал екіншісі
– күн батпай тұрып оқылатын
бесін мен екінді
намаздары
болса, түннің күндізге таяу бөлігінде дегені –
ақшам мен
құптан
намаздары. Ал жақсылықтар жамандықтарды
жуып-шаяды дегені – «бес уақыт намаз күнәлардан
арылтады» деген сөз
20
.
Ғұламалардың көпшілігі «Бақара» сүресіндегі
238-аятта айтылған
«Салатул-уста»
(ортаңғы на-
маз) дегеннің мағынасын екінді намазы деп тәпсір-
леген. Бұл тұжырымды мына хадис нақтылайды.
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) ортаңғы намаздың қайсысы
екендігі сұралғанда, «Екінді намазы» деп жауап бер-
ген
21
.
Құран кәрімде: «ас-Салату», яғни «намаз» сөзі 99
жерде, намаздың рүкіндері саналатын «сәжде» сөзі 64
жерде, «рүкүғ» сөзі 13 жерде айтылады. Бұл намаздың
бұлтартпас, аса маңызды ғибадат екенін және Аллаһ
тағаланың намазға жоғары баға бергенін көрсетеді
22
.
Намаз – Исламның тірегі. Ендеше, «Аллаһ тағала-
ның ең жақсы көретін амалы уақытында оқылған на-
19
Худ, 114.
20
Жалалайн, Тафсирул - Жалалайн «Дарус-саадат» 1411 һижри,
300 б.
21
Бухари, Жиһад, 98; Муслим, Мәсажид, 202, 205, 20 6.
22
әл-Мұғжамул-Муфаһрис лил-Алфазил Құран. 324, 344, 345.