13
Намаздың мәні
– Жоқ. Егер қаласаң, нәпіл намаздар оқы. Сенің
парызың – бес уақыт намаз оқу, – дейді.
– Уа, Аллаһтың елшісі, тағы да бар ма?
– Жоқ. Егер өз қалауыңмен нәпіл намаздарды
оқысаң, сауапқа ие боласың, Аллаһтың разылығына
бөленесің.
Басқа бір хадисте нәпіл намаздарды оқу арқылы
Жаратушы Иемізге бір табан жақындай түсетініміз бы-
лайша сөз етіледі: «
Аллаһ тағала сенің көретін көзің,
еститін құлағың, сөйлейтін аузың, ұстайтын қолың
болады
». Яғни Аллаһ ондай пенденің он екі мүшесін
тек жақсылыққа бұрып, арсыздық атаулы мен түрлі
жамандыққа қадам бастырмайды дегенге саяды.
Әлгі бәдәуи зекеттің де парыз екендігін білгеннен
кейін:
– Бұдан басқа беретін зекет бар ма? – деп сұрады.
– Жоқ. Тек нәпіл жасап, сауап молайтуды қалап зе-
кет берсең, Аллаһ жолында шамаң жеткенше малыңнан
садақа берсең, Аллаһқа жақындайсың, Аллаһтың
мейіріміне бөленесің, – деді.
Әлгі бәдәуи:
– Айтқандарыңызды артық я кем етпей орындай-
мын, – дейді.
Бәдәуи өз жөніне кеткеннен соң Аллаһ елшісі
(с.а.с.): «
Айтқандары рас болса, ақыретте азапқа
ұшырамайды. Бұл айтқаны рас болса ақырет азабы-
нан құтылды
» немесе «
Егер айтқаны рас болса, ол
жаннатқа кірді
»
12
, – деп сүйінші хабар айтты.
Абдуллаһ ибн Аммар (р.а.) риуаят еткен хадисте:
12
Бухари 1/25; Муслим, 1/40.