Previous Page  12 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 176 Next Page
Page Background

12

Намаз – діннің діңгегі

болса, Хақ тағала «Нәпіл амалдары бар ма екен? Со-

нымен парыздарының кем-кетігін толтырсын» – дейді.

Әлгінің басқа амалдары да осы тәрізді есептеледі

»

11

.

Намаз – жұмақтың кілті.

«Фатиха» сүресі

Құранның негізгі ұстанымдарын қалай қамтыса, намаз

да сол секілді барлық ғибадаттарды толық қамтиды.

Айталық, намазға тұрған адам ішіп-жемегендіктен,

ораза ұстағандай күйде болады. Сол сияқты намазда

зекет те бар. Ол

уақыттың зекеті. Намазда қажылық

та бар. Өйткені, намаз оқуға ниеттенген адам қасиетті

Қағбаға бет бұрады. Намазда куәлік сөзі (шаһадат) де

бар. Ол әрбір отырыста айтылады. Тіпті, періштелердің

де ғибадаттарын қамтиды. Себебі, періштелердің

кейбіреулері тік тұрып құлшылық жасаса, кейбіреулері

үнемі рүкүғқа барған бойда иіліп, қалғандары тек сәжде

жасаған күйі құлшылық қылады. Ал, адамдар болса,

осылардың бәрін бір намазда орындайды.

Ең ізгі амал – намаз

Ислам діні адамзат баласын тек қана ізгілікке

шақырады. Ғибадат, мықты сенім, көркем қарым-

қатынас, үлгілі мінез-құлық пен әдептілікке шақыруы

да сондықтан. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) елшілік

міндетінің негізгі өзегі ел ішінде Исламды толыққанды

түсіндіру еді. Талха (р.а.) риуаят еткен хадисте:

Бірде бір бәдәуи келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, Ис-

лам дегеніміз не?» – деп сауал қояды. Нәби (с.а.с.):

– Күніне бес уақыт намаз оқу, – деп жауап

қайырады.

– Басқа да орындайтын амалдар бар ма?

11

Тирмизи, Сунән, 2/269.