Previous Page  14 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 176 Next Page
Page Background

14

Намаз – діннің діңгегі

«Сахабалардың бірі ең ізгі амалдың не екенін білуге

құмартады.

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз», – деп жау-

ап қайтарады. Ізгі амал жасауға құштар сахаба:

– Намаздан кейінгісі қайсысы? – деп сұрайды.

Пайғамбарымыз бұған да:

– Намаз, – деп жауап қайырады. Үшінші мәрте

– Одан да абзалырағы бар ма? – деп сұрағанда,

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Намаз, – деп жауап қайырады».

Пайғамбарымыз өзіне үш қайтара қойылған сұраққа

бір ғана «намаз» дей отырып, намаздың аса маңызды

құлшылық екенін ескерткен

13

.

Демек, Аллаһқа иман келтірген пенденің ең

маңызды құлшылығы – намаз екенін осындай хади-

стерден аңғарамыз.

Бес уақыт намаздың Құрандағы орны

Құран кәрімде намаз жайлы бірнеше аяттарда ай-

тылады. Тіпті намаз оқығандар мадақталып

14

, намазға

жүрдім-бардым қараған мұнафықтардың мәңгілік

өкінішке тап болатыны ескертілген

15

. Бұған қоса,

намаздың атаулары мен белгілі уақыттарда оқылу

керектігі де білдірілген

16

. Мысалы, таң намазының атауы

«салатул-фәжр»,

құптан намазының атауы

«салатул-

иша»

деп атап көрсетілген

17

. Ал, қалған уақыттардағы

намаздар тұспалданып, ишаратпен айтылған.

13

Ю. Кандеһлеви,1431.

14

Әнғам, 92, Муминун, 9; Мәариж/22-23.

15

Маун, 5.

16

Ниса, 103.

17

Нур, 58.