Previous Page  19 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 176 Next Page
Page Background

19

Намаздың мәні

да өзара астасып, тығыз байланысты құрауда. Бір-бірін

толықтырып, қашанда еске салып тұруда.

Айталық, таң намазының уақыты – күн шыққанға

дейінгі уақыт аралығы. Ол шуақты көктемге ұқсайды.

Адамның жатырда пайда болу сәтін, көк пен жердің

алты күнде жаратылысының бірінші күнін еске түсіреді.

Олардағы иләхи хал-ахуалдан сыр шертеді.

Түскі уақыт болса, жаздың жайдары жайқалған

кезіне, жастық шақтың толысқан шағына, дүние

тіршілігіне ден қойған адамның алғашқы жараты-

лыс дәуіріне ұқсайды. Бұған қоса, олардағы рақым

құбылысын, нығмет берекетін еске салғандай.

Екінді уақыты – сарғайған күрең күзге, қалжыраған

қарттыққа, пайғамбарымыз хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.)

көзі тірісіндегі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған ма-

мыражай бақытты заманға ұқсайды. Сол уақыттардағы

иләхи жайттарды және нығмет-несібелерді еске

түсіргендей.

Кешкі уақыт – күз мезгілінің соңын ала көптеген

тіршілік иелерінің асыға індеріне тығылып, сондай-

ақ адамның көз жұматын сәтін елестетіп, қиямет күні

алдындағы әлемнің аласапыран күй кешіп астаң-кестең

болатынын ескерткендей, халықты бейқамдықтан арыл-

туға, терең ұйқыдан оятуға тырысады.

Құптан уақыты болса – күндізгі әлемге тән барша

болмыс атаулыны қараңғылық өз тұңғиығына сүңгітіп,

қалың көрпесін кең төсей қымтап, тынымсыз тірлігі бір

сәтке талмаусырап, өлдіге баланған жер бетін қытымыр

қыстың ақ кебінге орауын, бақилық сапарға аттанған

жанның артында қалған бар еңбегінен қас-қағым сәтте

ажырап кете барғанын, сын-сынақ мекені бұл дүниенің

аяқталғандығын еске түсірумен қатар қаһарлы күш иесі