Previous Page  25 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 176 Next Page
Page Background

25

Намаздың мәні

түні Аллаһтың құзырына шығып, Жаратушыға

жақындағанындай, құл да намазы арқылы Раббысына

жақындай түседі.

Намаз – мәні терең құлшылық

Шынайы оқылған намаздың адамға берері мол. Ол

ырыс-несібені арттырады, денсаулықты шыңдайды,

барша жаманшылық атаулыдан алыстатады, жүректі

нұрландырады, жан тыныштығына бөлейді, он екі

мүшенің белсенділігін арттырады, жігер сыйлап, рухқа

нәр береді. Шайтаннан алыстатып, мейірімі шексіз

Аллаһқа жақындатады.

Егер намаздан асқан құнды да мәнді құлшылық

болғанда, періштелер сол ғибадатты атқарар еді. Ондай

ғибадат болмағандықтан періштелер басын сәждеден

алмай, кейбіреулері Хақ тағалаға тағзым етіп, еңкейген

күйінде ақыретке дейін рүкүғта тұр. Енді біреулері

Аллаһ тағаланың пәктігін ғаламға паш етіп, тікеден-

тік қиямда тұрып үздіксіз құлшылық жасауда. Біз

бұдан Аллаһ тағаланың өзіне ең жағымды құлшылықты

пәктігі мен тазалығы тамсандыратын періштелеріне

және Өзінің жер бетіндегі халифасына бағынатын

адамзатқа парыз қылғанын ұғамыз. Жұмыр басты

пендені жамандыққа итермелейтін нәпсісі болса да, на-

маз оқу арқылы дәрежелері асқақ, пәк періштелерден

де асып кете алатынын білеміз. Ал, сондай мәртебеге

лайық адам нәпсіге ергенде, құлқынның құлы болып,

айуанға айналып кетуі де ғажап емес. Пенденің ақылы

толысқан мұсылман болуы, шаттықпен ғұмыр кешуі

және иманды күйінде көз жұмуының басты кепілі на-

маз болса керек.