Previous Page  24 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 176 Next Page
Page Background

24

Намаз – діннің діңгегі

Періштелер тағы да: «Қандай амал істейтін

едіңіздер?» – деп сұрайды. «Біз намаздың уақыты

кірмей тұрып, алдын ала дәретімізді алып, құлшылыққа

дайындалатынбыз!» – деп жауап қайтарады.

Періштелер: «Сіздер айдай аппақ нұрға бөленуге

лайықты екенсіздер!» – дейді.

Бұлардың ізін суытпай артынша келген қауымның

жүздері алдыңғылардан да асып нұрланып тұрады.

Періштелер оларға: «Хақ тағала дәрежелеріңізді

өзгелерден биік етіп, жүздеріңізді ерекше нұрлан-

дырыпты. Сіздер кімсіздер?» – деп сұрайды.

Олар: «Намазхан мұсылман едік!» – дейді.

Періштелер: «Намаздарыңыздың өзгелерден ерек-

шелігі болып па еді?» – деп қайыра сұрайды.

Олар: «Біз азанның дауысын мешіттен ғана

еститінбіз. Елден бұрын дәрет алып, мешітке келетінбіз

де, намаз уақыты кіргенше азанның шақырылуын

күтетінбіз», – деп жауап береді.

Бұл жауапты естіген періштелер: «Сіздер де өз

дәрежелеріңізге лайық екенсіздер!»

28

– деп тамсана-

ды.

Және бір хадисінде екі жиһан сардары Пайғам-

барымыз (с.а.с.): «

Өзіне парыз бес уақыт намаз-

ды еш кемітпей, толық орындаған мүминді Аллаһ

тағала міндетті түрде жаннатына кіргізеді

»

29

деп

сүйіншілеген. Сондықтан Аллаһ тағаланың құзырына

жетелейтін қасиетті құлшылық намаз – мұсылманның

миғражы

30

. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Миғраж

28

М. Дикмен, Ислам ғылымхалы, 179 б.

29

Әбу Дәуіт, Насаи, Ибн Мажә, Ихия Улумид-дин: китабу

Асрарис-салат 130.

30

Пайғамбарымыздың Аллаһ құзырына көтерілуі