23
Намаздың мәні
тауып, ем қонып, сырқатынан айыққандар аз болмаған.
Патологиялық жағдайға тап болғандарға, айталық, бри-
тоник туберкулезі, сүйектің асқынуы, іріңді жаралар
секілді т.б. ауруларға ұшыраған науқастардың намаз
арқылы емделгендіктері белгілі болған»
27
.
Намаздың ақыреттегі пайдасы:
Әр мұсылман үшін намаздың әсіресе ақыреттік
пайдалары өте маңызды. Өйткені қиямет күні келгенде
намазхандарға дәрежелері мен бұл дүниедегі атқарған
игі амалдарына лайық жаннаттан орын беріледі.
Алғашқы дәрежедегі құлдардың жүздері жұлдыздай
жарқырап тұрады. Оларды періштелер емен-жарқын
қарсы алып: «Сіздер кімсіздер?» – деп сұрайды.
Олар: «Біз Мұхаммедтің (с.а.с.) үмбетіміз. Намазхан
мұсылмандар едік!» – деп жауап береді.
Періштелер қайтадан: «Сіздер қандай амал істейтін
едіңіздер?» – дегенде, олар: «Біз азанды естісімен де-
реу дәрет алуға асығатынбыз. Уақыты кірісімен барлық
шаруаларымызды жиып қойып, намазға тұратынбыз»,
– дейді.
Мұны естіген періштелер: «Ендеше, жүздері
жұлдыздай жарқырайтын бұл дәрежеге сіздер
лайықсыздар!» – дейді.
Мұнан кейін тағы бір топ адам бой көрсетеді.
Бұлардың әдеміліктері мен жүздерінің нұрлануы
алдыңғы топтағылардан да асып түседі. Жүздері ай
секілді толықсып тұрады.
Періштелер: «Сіздер кімсіздер?» – деп сұрайды.
Олар: «Біз тірі кезімізде намаз оқыған едік!» – деп
жауап қайтарады.
27
С. Сених. Құлшылық құпиясы. (Ауд: Қ. Бағашар)