Previous Page  18 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 176 Next Page
Page Background

18

Намаз – діннің діңгегі

ген пайғамбарлардың уақыты. Намаз осы аралықтарда

оқылады деді» – деген

23

.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) оқыған намаз, сахабалар

мен табиғиндер арқылы жалғасып, күні бүгінге дейін

өзгерместен дәл солай оқылып келе жатыр. Сондықтан

да әрбір мұсылман бес уақыт намазға баса көңіл

аударғаны жөн. Намаздарды уақтылы оқу да ғибадаттың

мәнін арттыра түседі. Яғни, бізге намаз оқу қандай па-

рыз болса, оны өз уақытында орындау да сондай па-

рыз болмақ. Сондай-ақ намаз оқымау – харам, намазды

уақытынан қасақана кешіктіру де харам болып сана-

лады. Бір сахаба Аллаһтың елшісінен амалдардың ең

абзалын сұраған сәтте Пайғамбарымыз үш амалды атап

айтады. Солардың бірі «уақытында оқылған намаз»

24

.

Олай болса, әр күніміз намазбен нұрланып, намазбен

жүрегіміз тазарып, ғұмырымыз мәнді болмақ.

Ендеше, әрбір мұсылман үшін барлық намаздарды

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйреткеніндей уақытында

оқу ләзім.

Намаздың бес уақытқа бөлінуінің мәні

«Сағаттың секунд, минут, уақыт пен күн сана-

ғыштары бір-біріне бағынышты, тәуелді, бірінің бірі

үлгісі, толықтырушысы, қайткенде де олар өзара тығыз

байланыста десек, мына жатқан кең дүние де Хақ

тағаланың үлкен сағаты іспетті. Ондағы күн мен түннің

өзара алма-кезек ауысуы – оның секундттары, минутта-

ры – жылжып аққан жылдар, сағаттары – адам өмірінің

әр түрлі кезеңдері, күндері – ғаламдағы дәуірлер. Бұлар

23

Тирмизи, Салат 1. Әбу Дәуіт, Салат 2.

24

Бухари, Мауақит 5; Муслим, Иман 137.