15
Намаздың мәні
Тәпсір кітаптарда «Рум» сүресінің 17-18 аяттарын-
да: َ
َ فَسُبْحَانَ اللّـهِ حِينَ تُمْسُونَ وَحِينَ تُصْبِحُون
وَلَهُ الْحَمْدُ فِي السّمَاوَاتِ وَالَْرْضِ وَعَشِيّا وَحِينَ تُظْهِرُون
«Ендеше түн мезгілінде және таң ағарған уақытта
Аллаһты пәктеңдер. Көк пен жерде, кеш пен түсте
барлық мақтау Аллаһқа лайық».
Бұл аятта
«түн мезгілі»
деп ақшам мен құптан,
«таң
ағарған уақытта»
деп
таң,
«кеш»
деп екінді,
«түс»
деп бесін намазына ишарат етіліп, күніне намаздың бес
уақыт екені баяндалған. Бұл аят жайлы Нафи ибн Арзақ
(р.а.) былай деп баяндайды:
«Мен Ибн Аббастан:
– Бес уақыт намаз жайлы Құран кәрімде жазылған
ба? – деп сұрағанымда, ол маған «Рум» сүресіндегі 17-
18 аяттарын оқыды да, сол жердегі «тасбих» (пәктеу)
сөзінің мағынасы астарлы түрде намазды білдіріп тұр
деп айтты»
18
– деген.
Ибн Аббастан өзге сахабалар да бұл аяттың астары
бес уақыт намазды меңзейтінін айтқан.
Намаз бізге Исра мен Миғраж түнінен кейін парыз
болды. Мұның артынша дереу «Исра» сүресі түсті. Бұл
сүренің 78-аятында:ِ
أَقِمِ الصّلَةَ لِدُلُوكِ الشّمْسِ إِلَىٰ غَسَقِ اللّيْلِ وَقُرْآنَ الْفَجْر
إِنّ قُرْآنَ الْفَجْرِ كَانَ مَشْهُودًا
«Түс ауғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз
оқы. Әрі таң намазын оқы. Күдіксіз, таң намазына
періштелер де қатысады».
18
Қуртуби, әл-Жамиу лил-аһкам.