11
Намаздың мәні
алған рухани ләззатын: «
Маған (дүние нығметтерінен)
жұпар иіс пен әйел баласы сүйдірілді, ал намаз – көзімнің
нұры, рухани ләззатым
»
7
, – деп жеткізген еді. Ер кісі
әйел затын қаншалықты жақсы көрсе, Нәби (с.а.с.)
Аллаһпен қауыштырып, жүректі нұрландыратын на-
мазды одан да артық санады. Ақиық елшінің (с.а.с.)
қалай намаз оқығанын көргендер аузының суы құрып
тамсанатын. Рүкүғ пен сәждеде ұзақ кідіріс жасаған
сәтінде «демі үзіліп кетпеді ме екен» деген ой келіп
басқалар қатты қобалжитын.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намазды қалай оқитын-
дығын Айша анамыз (р.а.) былайша сипаттаған: «
Кей-
де (нәпіл) намазында «Фатиха» сүресін оқыған соң
«Бақара» сүресіне өтетін, оған «Әли Имран» мен
«Ниса» сүрелерін жалғап, тоқтамай Құранның ұзақ
сүрелерін оқи беретін еді
»
8
.
Намаз – барша құлшылықтың өзегі. Бізге жеткен
хадистерде: «
Намаз
–
діннің тірегі
»
9
«
Діннің басы –
Ислам, тірегі – намаз, шыңы – күрес
»
10
,
яғни кімде-кім
дінін тіктегісі келсе, намазын оқып, қас дұшпаны болған
нәпсісімен күрессін делінеді. Өйткені, намаз – ақыретте
ең алғаш сұралатын амал. Осыған орай Әбу Хұрайра
(р.а.) мына хадисті жеткізген:
«
Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі есепке
алынатыны – намаз. Намазы дұрыс болса, онда пен-
де қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Ал на-
мазы дұрыс болмаса, онда күйзеліске ұшырап,қатты
қайғырады. Егер пенденің парыз амалында кемшілік
7
Нисаи, Аширатун-ниса, 1/7, 61.
8
Кандаһлауи, Хаятус - сахаба, 3/503.
9
әл-Муттақи Хинди, Кәнзул-уммал, 7/284.
10
Тирмизи, Иман, 8/2619.