Previous Page  7 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 176 Next Page
Page Background

7

Кіріспе

Күллі мадақ он сегіз мың ғаламды жоқтан бар еткен

барша әлемдердің Раббысы Аллаһқа ғана тән!

Жер бетінде тіршілік қылған кез келген жұмыр

басты пенденің қайдан келгені, қайда баратыны, не

үшін өмір сүріп жүргені толғандыратыны рас. Көкейде

ұялаған мұндай сауалдарға жауапты, Құран кәрімдегі:

«Адамдар мен жындарды тек Өзіме ғана құлшылық

жасасын деп жараттым»

деген аяттан табамыз. Яғни,

екі аяқты пенденің ең әуелгі міндеті – Аллаһты танып,

оған иман келтіру және ізгі амалдар жасау. Шынайы

иманның белгісі ізгі амалдардан менмұндалап көрініп

тұрады. Адам баласын күллі жамандық атаулыдан тыя-

тын мағыналы, һәм мәні терең құлшылық – намаз екені

даусыз.

Намаз – иманның нұры, құлшылықтың мәйегі.

Намаз – мұсылманның қорғаны, жүрегінің емі.

Өйткені, мұсылман бес уақыт намазын толық оқу

арқылы Аллаһтың разылығына бөленіп, екі дүниеде

де жан тыныштығы мен рахатқа кенеледі.

Осы орайда сіздерге жол тартып отырған бұл кітап

намаздың ғаламаттығын түгел паш етпесе де, Аллаһты

танып, иман келтіріп, намазға бет бұрғандарға, қасиетті

амалдың адамға деген әсері мен пайдасынан ой қозғап,

сыр шертеді.

Қолыңыздағы шағын кітапта намаздың қалай

парыз болғандығы, екі дүниенің сардары Мұхаммед

пайғамбарымыз (с.а.с.) бен сахабаларының және

табиғиндердің намазды қалай оқығаны әрі намаздың