5
Намаз – діннің діңгегі
туда ма? Шүкірінің белгісі ретінде маңдайын сәждеге
тигізіп, Раббысына құлшылық жасай ма? Міне, гәптің
бәрі осында. Айтпағымыз, намаз – шүкіршіліктің белгісі.
Он екі мүше сау, балтыр сыздап, бас ауырмаған кездер-
де Құдайды еске алып тұру деген сөз.
Адамзаттың мақтаулысы Мұхаммед пайғамбары-
мыз (с.а.с.) неге намазға соншалықты құмар болды?
Неге «Пенденің Аллаһқа ең жақын болар кезі сәждеге
бас қойған кезі» деді? Демек, намаз пендені Жаратушыға
бір табан жақындата түсетін ерекше бір құлшылық.
Бірде сахабаларынан Ардақты елші «Егер әлдекім
үйінің есігінің алдында ағып жатқан өзенге күніне бес
рет шомылып тұрса, денесінде кір қалар ма еді?» деп
сұрайды. Олар «Жоқ» дегенде, «Күн сайын бес уақыт
намаз оқу да осы сияқты. Пендені қателіктері мен
күнәларынан тазартып тұрады» деп түсіндіреді. Иә,
тіршілікте қателіктер мен күнәдан таза пенде болған
ба? Ендеше, сол кірлерден неге арылуға тырыспасқа?
Тіпті дәрет алып жатқанда да әр мүшеңді жуған сайын
сол мүшеңмен жасалған күнәлардың тазаратындығы
білдірілген. Демек, намазда көп мән бар. Кітапты осы
секілді намаздың тереңдігі, астарлы мән-мағынасы,
ішкі мазмұны жақсы түсіндірілген. Бұған қоса соңғы
пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) пен сахабалары, кейінгі
табиғиндер мен әулие кісілердің намазға қалай қарағаны,
құлшылыққа қаншалықты көңіл бөлгендігі де нақты
мысалдармен берілген.
Жалпы алғанда рухани сусап отырған оқырманға
бұл еңбектің берері мол. Өйткені бір намаздың өзінде
үлкен мән бар. Кітапты оқи келе еріксіз намазы дұрыс
адамның барлық ісі өз ретін табады екен-ау деген ойға