3
Алғысөз
«Діл мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?!»
деп өз уағында көмекей әулие атанған Бұқар жырау
айтпақшы, күні кешеге дейін тілімізбен мұсылман
екендігімізді айтқанмен, ісімізбен оны дәлелдей ал-
май келгеніміз ащы да болса ақиқат. Халықтың сенімі
шайқалып, амалының азғындауына өз кезегінде атеистік
саясаттың кесір-кесепаты молынан тиді. Дініміздің
көрнекті өкілдері мешіт-медреселеріміз жабылды, діни
әдебиеттеріміз жойылды. Халықтың рухани өзегі суал-
ды. Алайда бүгінгі күні сол тамырға қайта қан жүріп,
рухани өзектің қайта жанданып келе жатқаны көңілге
қуаныш ұялатады. Құдайға мың да бір шүкір, діни сауа-
ты жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыздың
алды туған жерге, елге қызмет ете бастады.
Бір айта кетерлігі, бүгінгі күні елімізде мұсылмандық
таным түсінікті қайта жаңарту ісі әуелі иман шарттары
мен Ислам парыздарының негізін халыққа кеңінен наси-
хаттаудан бастау керектігі. Алдымен Ислам негіздерін,
сенім негіздерін нықтап, санаға мықтап орнықтырып
алған жөн. Яғни, әр мұсылманның бұл тұрғыдағы
білімін молайту керек. Ол үшін әрине осы тұрғыда та-
тымды еңбектердің халыққа жетуі қажет-ақ.
Асыл дініміздегі басты құлшылықтың бірі
–
на-
маз хақында аз жазылған жоқ, әлі де жазыла беретіні
даусыз. Намаз жайлы бұрын қазақ тілінде жарық