Previous Page  4 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 176 Next Page
Page Background

4

Намаз – діннің діңгегі

көрген еңбектерді қайталамайтын, өзіндік айтары бар

бұл кітаптың авторлары

Еркебұлан Ыбырайымұлы

мен Нұрлан Сайлауұлы. Египетте оқып, тиянақты дін

білімін алған, әл-Әзхар университетін бітірген. Бірі

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасында, екіншісі

Нұр-Мүбарак университетінде қызмет жасайды.

Қазақ атамыз «Алтын шыққан жерді белден қаз»

дейді. Демек, алтынға бергісіз намаз ғибадаты туралы

халыққа әлі көп еңбектер жетуі тиіс. Бұл кітаптың да

намазға арналуы сондықтан. Әрі намаз – сан қырлы

ғибадат. Сондықтан оның әр қырынан зерттелуі де

бүгінгі күнге аса қажет мәселе.

Қасиетті кітабымыз Құранда «Мені еске алу үшін

намаз оқы» деген аят барын ескерсек, намаздың не

үшін оқылатынын жақынырақ ұғына түсеміз. Расын-

да, Абайша айтқанда «Әуелден көптің қамын Тәңірі

ойлаған», яғни адам баласын дүниеге жібермей тұрып,

оған керектінің бәрін жаратқан аса мейірімді Раббы-

мызды неге жиі есімізге алып тұрмасқа? Өзін Құдайдың

құлы санаған мұсылман қалай өз Иесін ұмытпақ? Де-

мек, намаз бірінші кезекте саналы мұсылман болуға

шақыратынын көреміз.

Анығында, біздер көп шүкір етуге тиіспіз. Құдіретті

Жаратушы аспанды да, жерді де, тауды да, тасты да,

жан-жануарларды да – бәрін адам баласының игілігіне

берді. Пендем ішсін, жесін деді. Сан түрлі жеміс-

жидегін өсірді. Адамды ең көркем бейнеде жаратты.

Ақыл берді, ой берді, сана берді. Ұлы Жаратушы осы

арқылы Өзіндегі шексіз құдіретті паш етті. Осыншама

нығметті үйіп-төккенде, адам баласынан тек шүкір етуді

ғана қалауы не деген кеңдік! Ал адам сол шүкірді ай-