9
І тарау
намаздың мәні
Намаз – мұсылманның парызы
Біздің тілдік қолданысымызға парсы тілінен ен-
ген «намаз» сөзінің түп-төркіні араб тіліндегі «ас-
салату» сөзінің негізінде жатыр. Араб тіліндегі «ас-
салату» сөзінің мағынасы – «тілеу», «дұға оқу» дегенді
білдірсе, ал шариғаттағы мағынасы – тәкбірмен баста-
лып, сәлеммен аяқталатын, ерекше қимыл-қозғалыстар
мен сүрелер, дұғалар оқудан тұратын қасиетті ғибадат
ұғымын меңзейді.
Құран кәрімнің бірнеше аяттарында намаз оқудың
парыз екені айтылады. Мысалы:
«(Уа, Мұхаммед!) Саған
уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. Күдіксіз
намаз арсыздық пенжамандықтан тыяды»
1
; «Үй-ішіңді
намазға шақыр және өзің де оған көңіл бөл»
2
.
Соңғы
аятта әр отағасының намаз оқып, бала-шаға, туған-
туыстарды намаз оқуға уағыздау керектігі міндеттелген.
Сонымен қатар Аллаһтың мейіріміне бөлену үшін де
намаз оқу керектігін:
«Намазды толық орындаңдар да,
зекет беріңдер. Әрі Пайғамбарға бойсұныңдар. Әрине
(Аллаһтың) мейіріміне бөленесіңдер»
3
– деп білдірген.
Бұл намаздардың оқылатын уақыттарын белгілеп:
«Ра-
1
Анкабут, 45.
2
Таха, 132.
3
Нұр, 56.