10
Намаз – діннің діңгегі
сында намаз мүминдерге белгiлі уақыттарда парыз
қылынды»
4
– деп бұйырған. Демек, намаздың парыз
екендігіне ешкімнің де зәредей шүбә келтіре алмасы
анық.
Сонымен қатар намаздың парыздығы жайын-
да Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзінің бір хадисінде: «
Ислам
бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдайдың
жоқтығына және Мұхаммедтің Аллаһ елшісі екеніне
куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, шамасы келсе
қажылыққа бару және Рамазан оразасын ұстау
»
5
–
деген.
Ендігі бір хадисінде Аллаһ елшісі (с.а.с.) Муаз ибн
Жәбәлді (р.а.) Йеменге шығарып салып тұрып, оған:
«
Сен әһли кітап (яһудилер мен христиандар)
қоғамына бара жатырсың. Оларды әуелі Аллаһқа
құлшылық етуге шақыр. Бұны мойындаса, бір күнде
бес уақыт намаз оқудың парыз екенін айт. Намазға
жығылса, ауқаттыларына Аллаһ тағаланың зекет
беруді парыз еткенін айт. Құп көріп, қабыл етсе, олар-
дан зекет ал. Бірақ дүние-мүліктерінің ең жақсысын
алма, жәбір көргеннің қарғысынан сақтанғайсың.
Өйткені, оның дұғасы мен Аллаһ тағаланың арасында
перде жоқ (яғни, қарғысы сол мезет қабыл болады)
»
6
,
– дейді.
Намазға көңіл бөлуді осыншалықты өсиет еткен
Пайғамбарымыз (с.а.с.) намазды көзінің нұрына балаған.
Намазды шын жүрекпен, жан дүниесімен беріле оқып,
рүкүғ пен сәждеде ұзақ уақыт тұратыны соншалық
–
аяқтары ісініп кететін кездері де болатын. Намаздан
4
Ниса, 103.
5
Бухари, Иман, 1/2
6
Бухари, Зәкәт, 41, 63.