Previous Page  8 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 176 Next Page
Page Background

8

Намаз – діннің діңгегі

бұрынғы өткен пайғамбарларға да міндеттелгені

жайлы қысқаша баяндалады. Бұған қоса оқырманды

намаздың тұңғиық мәніне бойлатып, намазды Аллаһтың

құзырында тұрғандай асқақ сезіммен, кемеліне

келтіріп орындауға құлшындыруды мақсат етеді. Осы

тұрғыда әуелі намазға

дейінгі тазалықтың (дәреттің)

маңыздылығы түсіндіріледі. Кітапта намазға қатысты

халықтың көкейінде жүрген мәселелерге жауап іздеп,

намаздың қадір-қасиетін кеңінен ашып көрсетуге

тырыстық.

Бұл кітап оқырманның кәдесіне жарап, халықтың

намазға деген жауапкершілігі мен құлшынысы артып

жатса, еңбегіміздің жанғаны, үмітіміздің ақталғаны.