Previous Page  17 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 176 Next Page
Page Background

17

Намаздың мәні

маз», – деген хадис намаздың ұлық ғибадат екендігінің

айқын дәлелі емес пе?

Бес уақыт намаздың хадистердегі орны

Намазды бес уақыт оқу тек Құран кәрімде ғана

айтылмаған. Алғашында бұл ғибадатты Аллаһ тағала

Жәбірейіл періште арқылы Пайғамбарымызға (с.а.с.)

үйреткен. Ибн Аббастың (р.а.) риуаят еткен хадисінде

Ақиық елші (с.а.с.): «Қағбаның жанында Жәбірейіл

періште маған имам болып, екі мәрте намаз оқытты.

Біріншісі:

Дененің көлеңкесі аяқ киімнің бауындай

ғана болып түсетін кезде бесін намазын оқытты. (Күн

тастөбеден батысқа қарай ауған кезде).

Дененің көлеңкесі өз бойымен теңескенде, екінді

намазын оқытты.

Күн батып, ораза ұстағандарға ауызашар мезгілі

болғанда ақшам намазын оқытты.

Көкжиекте күн шапағы сейіліп, төңірек қараң-

ғылыққа малынғанда құптан намазын оқытты.

Екінші, таң арайлап, ораза ұстағандар үшін ішіп-

жеу харам етілген сәтте таң намазын оқытты.

Екінші мәрте:

Жәбірейіл «бесін намазын» алғаш-

қы кезде оқытқан сәтінен бастап, барлық дененің

көлеңкесі өз бойындай болғанша оқытты. Екінді на-

мазын барлық дененің көлеңкесі өз бойынан екі есе

ұзарғанша, ақшам намазын күннің батқан уақытында,

құптан намазын түннің үштен бірі өткенде, таң намазын

жер беті ағарып көрінгенге дейін оқытты. Содан соң

маған қарап: «Уа, Мұхаммед! Бұл сенен бұрын кел-