Previous Page  27 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 176 Next Page
Page Background

27

Намаздың мәні

дап, бас иеді. Бабамыз Бұқар жыраудан қалған әйгілі

«Тілек» деген толғауында:

«Бесінші тілек тілеңіз,

Бес уақытта бес намаз,

Біреуі қаза болмасқа» – деуі де тегін емес. Ба-

бамыз халқына қарбаласы бітпейтін өмірдегі негізгі

тілектерінің бірі етіп бес уақыт намаздың қаза болмау-

ын тілеуі осы ойымызды әрлей түсетіндей. Хадистердің

бірінде: «

Намаз – діннің тірегі

»

32

делінген. Тірексіз

үй болмайды. Исламды ғаламат «үйге» баласақ, сол

«үйдің»

тіреуі һәм тірегі – намаз болар еді. Ендеше,

намазхан бауырларымыз діннің тірегін тұрғызуда.

Сондықтан да дініміздің іргетасы берік, керегесі кең,

шаңырағы шайқалмауы үшін намазға ерекше көңіл

бөлуіміз керек.

Бұрынғы шариғаттардағы

намаздың орны

Намаз – бұрынғы пайғамбарлардыңшариғаттарында

да болған. Мысалы, Ибраһим пайғамбар (а.с.) өзінен

кейінгі ұрпақтарының намазхан болғанын қалап, дұға

қылады:

«Раббым! Мені әрі ұрпағымды намазды толық

орындаушылардың қатарынан қыла гөр! Раббым!

Тілегімізді қабыл ете гөр»

33

.

Лұқман (а.с.) баласына айтқан өсиетінде:

«Әй,

ұлым! Намазды толық орында, жақсылықты

бұйырып, жаманшылықтан тыйыл. Басыңа түскен

ауыртпашылыққа сабырлы бол. Расында бұлар маңызды

істер»

34

деген болатын.

32

әл-Муттақи Хинди, Кәнзул-уммал, 7/284.

33

Ибраһим, 40.

34

Лұқман, 17.