Previous Page  30 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 176 Next Page
Page Background

30

Намаз – діннің діңгегі

кім Аллаһ пен пайғамбары үшін һижрет жасаса, оның

һижреті Аллаһ пен пайғамбары үшін болады

»

42

деген.

Яғни, мақсатымыз жаратушымыз Аллаһтың разылығы

болса, осы жолда жасалған амалдарымыздың барша-

сы үшін сауап жазылады. Сондықтан да, мұндай мәнді

мақсатқа (намазға) жету жолында жасалған әрбір қадам,

әрбір іс сауапты болмақ. Өйткені, оның ниеті – намазды

шынайы ықыласпен оқу, Аллаһқа шынайы құл болу.

Тіпті, ынта-ықыласы ізгі ниетте болып, ойға алған сол

істі орындау жолында қайтыс болған жағдайда, оның

амал дәптеріне сол ниетіндегі амалды істегендей са-

уап жазылатыны хадистерден белгілі. Ал, құлшылыққа

ниет етпей тазалану (түзге бару, жуыну секілді істер)

тек қажеттілікті өтеу ғана болғандықтан, оған сауап

жазылмайды. Егер мұсылман бұларды үлкен сауапты

іс үшін, яғни намазға ниеттеніп істесе, оның сауабы да

мол болмақ. Оның истинжасы, истибрасы, жеңдерін

түріп дәрет алуы, намаз уақытын күтуі, мешітке басқан

әрбір қадамы – барлығы да сауапты іс. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) бір хадисінде «

Қараңғы түнде мешітке бару-

шыларды ақыреттің нұрлы шырағымен сүйіншіле

»

43

деп, мешітке қараңғыда, қиналып барудың өзі ақыреттің

қараңғылығынан құтқарар нұр болатынын айтқан.

Олай болса, түзге отырып, дәрет алу секілді

амалдардың өзі мұсылманды іштей намазға дайын-

дайды. Дәретті «бисмиллаһпен» бастап, әрбір ағзаны

жуғанда дұға оқу намаз уақытының жақындағанын

ескертеді. Азан намаз уақытының кіргенін білдіріп,

ақыретте жаннатқа кіруімізге кепіл болатын көптен

күткен сауабы мол намазға, Аллаһтың үйіне шақырады.

42

Риадус - салихин. Ниет.

43

Әбу Дәуіт, Сунән, 561.