Previous Page  36 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 176 Next Page
Page Background

36

Намаз – діннің діңгегі

шынайы ықыласпен мән бергендер үшін жаннат есікте-

рі ашылса керек.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) әр намаз үшін жеке-жеке

дәрет алатын-ды. Тіпті, Мекке қаласы азат етілгенге

дейін бір дәретпен екі намаз оқыған емес. Сахаба-

лар ақыретте жүздерінің нұрдай жарқырап тұруының

бірден бір жолы намаз және намаз оқу үшін жасалған

дайындықтар екеніне бек сенетін.

Мысалы, Әбу Хұрайра (р.а.) дәрет алған уақты-

сында аяқ-қолын артығымен жуатын. Себебін сұраған-

дарға: «Мен Пайғамбарымыздың:

«Үмбетім қиямет күні

шақырылғанда, маңдайы нұрдай жарқырап, қол мен

аяғына білезік тағылған күйде келеді. Сондықтан ша-

масы жеткендер маңдайындағы нұрын арттырсын»

49

– дегенін естідім

», – деп жауап қайтарған екен.

Намаз – әрбір мұсылман үшін сауабы мол құл-

шылық. Ендеше, намазды дұрыс атқаруға қатысты әрбір

жайтқа жіті мән беруіміз керек.

Киім тазалығы

Мешітке кір киіммен кірген біреуді байқағанда

хазірет Омар (р.а.): «Ей, Аллаһтың құлы! Осы киімің-

мен лауазымды бір адамның алдына бара аласың ба?»

– деп сұрайды. Ол: «Жоқ, бара алмас едім», – деп жауап

қайтарады. Сонда Омар (р.а.): «Киім кию – Аллаһтың

құзырына шығар алдындағы ең басты көңіл бөлу керекті

іс. Мешітке келерде үсті-басыңа қарап, киімнің тазасы

мен әдемісін ки» – деп ескертіп, іле мына мағынадағы

аятты оқиды:

«Ей, адам баласы, мешітке келгенде,

әсемденіп келіңдер»

50

.

Яғни, таза әрі әдемі киімдеріңмен

49

Бухари; Салат 3 /138.

50

Ағраф, 31.