39
Намазға ниет
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Намаздың кілті – тазалық,
(дүниелік істерді) харам ететін – ифтитах тәкбірі,
(дүниелік істерді) халал ететін – намаз соңындағы
сәлем» – деген
51
.
Намазды бастап, тек Аллаһқа бет бұрамыз. Бұл
дүниенің алдамшы қызығы уысымыздан сусып кете
береді. Ішіп-жеу, сөйлеу секілді дүниелік істердің бар-
шасы бізге харам болады. Ал, бұларды халал ететін на-
маз соңындағы сәлем.
«Аллаһу әкбар» деген сөздің тағы бір мағынасы
«Уа, Раббым, Сенің жолыңда құрбандыққа барамыз» де-
генге саяды. Мәулана былай дейді: «Қойды құрбандыққа
шалғанда «Аллаһу әкбар» дейміз. Дәл сол секілді жа-
ман сезімдеріміз бен жаман ойларымыздың ұйытқысы
болған нәпсімізді намазға тұру, яғни тәкбір алу арқылы
құрбандыққа шалған боламыз. «Аллаһу әкбар» сөзі
нәпсіні құрбандыққа шалып, сол арқылы рухымыз
дүниелік істерден азат болып, Аллаһтың құзырында
тұрғанын еске салады».
Ендеше, тәкбір сөзінің қойды бауыздаумен де
ұқсастығы бар екен. Құрбан айтта бір мал құрбандық
болады. Ал намазға тұрған сәтте күллі нәпсінің қалауы
мен дүниелік ләззат атаулы құрбан болады. Өйткені, на-
мазда тұрған мүмін намаздың міндетінен өзге іс-әрекет
жасай алмайды.
Қол байлау
Сол қолдың үстіне оң қолды қойып, қол байлау –
Аллаһтың құзырында құл екеніміздің бірден-бір бейнелі
көрінісі. Оң қолмен сол қолды мықтап ұстау арқылы, сол
қолмен істелер жамандыққа тосқауыл қоямыз. Өйткені,
51
Тирмизи, Сунән 5/1: Әбу Дәуіт, Тахарат, 31.