Previous Page  28 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 28 / 176 Next Page
Page Background

28

Намаз – діннің діңгегі

Мұса пайғамбарға да (а.с.) Аллаһ тағала

«Рас,

мен Аллаһпын. Менен басқа тәңір жоқ. Маған ғана

құлшылық қыл. Мені еске алу үшін намаз оқы»

35

– деп

намаз оқуын әмір еткен.

Иса (а.с.):

«Мен Аллаһтың құлымын. Ол маған

кітап берді, мені пайғамбар қылды. Қайда болсам

да мені құтты һәм мүбәрак жандардың қатарынан

қылды. Тіршілігім бойынша (өмір бойы) маған намаз

оқуды, зекет беруді бұйырды»

36

.

Израйл ұрпақтарының намаз оқу үшін уәде бергенін

Құран кәрім былай баяндайды:

«Бір кездерде Исраил ұрпақтарынан: «Аллаһтан

басқаға құлшылық қылмаңдар, әке-шешеге жақсылық

істеңдер, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге

қамқорлық жасаңдар, адамдарға жылы сөз сөйлеңдер,

намазды толық орындаңдар және зекет беріңдер» –

деп ант алған едік»

37

.

Шұғайыппайғамбар да (а.с.) көпнамаз оқитын, намаз

оқығаны үшін айналасындағылар оны келемеждейтін

38

.

Ысхақ, Жақып

39

, Зәкария (а.с.) да намаз оқитын

40

. Біз

бірақ олардың күніне қанша рет және қалай оқығанын

білмейміз. Қазіргі таңда христиандардың, яһудилердің

т.б. діндерінде намазға ұқсас құлшылықтар кездеседі.

Бұл Құран аяттарындағы шындықты дәлелдей түседі.

35

Таһа, 14.

36

Мәриям, 31.

37

Бақара, 83.

38

Худ, 87.

39

Әнбия, 73.

40

Әли Имран, 39.