Previous Page  159 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 168 Next Page
Page Background

159

Ораза – теңдессіз құлшылық

Таһажжүд

– түнгі намаз. Пенденің өз қалауымен түннің

ортасында оқитын намазы.

Ташриқ күндер

– мұсылманша жыл санағындағы зул-

һижжа айының 11-12-13 күндеріне айтылады.

Бұл қажылық жасаушылардың құрбан шалу

күндерінен кейінгі үш күн.

Тәубе

– істеген күнәсіне өкіну.

Тәмииз

– Ер мен әйелді ажырата білетін немесе сау-

дада пайда мен зиянды ажырата білетін ақылы

толысқан жасты айтады.

Уәди

– суықтың нәтижесінде, ауыр жүк көтерудің

салдарынан көбіне зәр сындырған соң жыныс

мүшесінен ағатын қою жалқық сұйықтыққа ай-

тылады.

Уәжіп

– Ханафи мәзһабынан тыс басқа мәзһабтарда

уәжіпті парызбен тең санаған. Ал Ханафи

мәзһабы бойынша уәжіптің үкімі: парыздан

төмен нәпілден жоғары саналған. Уәжіпті

орындағанға сауап, орындамағанға күнә жазы-

лады.

Уисал

– екі немесе одан көп күн қатарынан еш ауыз

ашпастан, үздіксіз тұтылған ораза.

Үзір

– себеп, қандай да бір істі орындауға бөгет болған

нәрсе.

Фидия

– қандай да бір себептен өзіне жүктелген

құлшылықты орындай алмаған жағдайда оның

орнына ертелі-кеш бір кедейді тамақтандыру.

Хажамат

– қан алдыру тәсілі.

Харам

– шариғатта анық әрі айқын дәлелмен тыйым

салынған іс.

Хайыз

(етеккір) – 9 жас пен 45-50 жас аралығында қыз

баланың жатырынан келетін қан. Бұл қан 3 күн