155
Оразаға қатысты терминдер
Ашура
– мұсылманша жыл санақтағы Мұхаррам
айының алғашқы 10-күніне айтылады.
Арапа тауы
– Меккеден 20-25 км қашықтығы таудың
аты. Бұл жерде қажылар зүлхижжа айының
9-күні бір сәт тұру арқылы қажылықтың бір
парызын орындайды.
Әййәмул-биид
– сөздік мағынасы «жарық күндер
немесе жарық түндер». Шариғат бойынша
әр қамари айлардың 13, 14, 15 - күндерінде
тұтылатын ораза.
Балиғат жасы
– ер бала мен қыз баланың балиғат жа-
сына толуы. Ер бала 12-13 жас, қыз бала 9-15
жас аралығында балиғат жасына толған болып
саналады. Балиғатқа толудың белгісі қыз бала-
да етеккір келуімен белгілі болады, ал ұл бала-
да жыныстық жетілумен (ұрықтың бөлінуімен)
анықталады.
Байин талақ (анық ажырасу)
– ерлі-зайыптылардың
толық ажырасуы. Неке аяқталған және жаңа
бір неке болмайынша ерлі-зайыптылық өмірді
жалғастыруға мүмкіндігі жоқ ажырасуды «бай-
ин талақ» деп атайды.
Бәдір
– Мекке мен Мәдина қаласының арасындағы
мекеннің аты. Бұл жерде хижреттің екінші жы-
лында Мекке мүшріктері мен мұсылмандардың
ең алғашқы үлкен соғысы болып, мұсылмандар
сандарының аздығына қарамастан жеңіске
жеткен.
Ғәйру-муаййән
- уақыты белгіленбеген.