Previous Page  152 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 152 / 168 Next Page
Page Background

152

Ораза – теңдессіз құлшылық

де ауыз ашпастан үшінші күнге ауыз бекітуге ниет етті.

Үшінші күні де дәл осы жағдай қайталанып, ауыздары-

нан жырған асты табалдырыққа келіп көз сүзген жалы-

нышты тұтқындарға берді.

 Кейіннен осыған қатысты аят түсті:

«Олар уәдесін орындады. Ұзақ әрі тоқтаусыз

қиямет күнінен қорыққандықтан, өздері ұнатып

іштей қалап тұрған тамақты бейшараға, жетімге

және тұтқындарға берді. «Біз бұларды Алла

тағаланың разылығы үшін қидық. Сендерден

қайтарым ретінде алғыс та, ештеңе күтпейміз», –

деді. Осы себепті оларға Хақ тағала Тахур шарабын

ішкізді» 

(«Инсан» сүресі, 7-9, 21).

Екі қыздың оразасы

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір күні саха-

баларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп

қатаң ескерту жасады:

– Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпа-

сын!

Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш

түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жат-

ты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:

– Уа, Расулулла! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған

еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай ал-

мады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын

ашса, жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді.

 Алайда, рұқсат берілмеді.     

Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші

рет келгенде пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

– Өкініштісі, олар бүгін ораза ұстаған жоқ. Күні

бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек айтып,