Previous Page  151 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 168 Next Page
Page Background

151

Ораза жайлы діни әңгімелер

деді иегі кемсеңдеп жылаған күйі,- айналайын, балам,

жарығым! Ұмытшақ мен байғұсты ренжітпей тұрып-ақ

білдірсең болмас па еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы

күні екен ғой?!.

Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?

Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Аллаһ

тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға

жер таппай кететін. Өйткені Жаратушы иеден қатты

қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны

қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе

сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: - Аузың берік

пе? - деп сұрағандарға, - Шынымды айтсам... ораза

ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым да, - деп күмілжи

жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей

алмайтын. Алайда менікі қабыл болатын кәміл оразаға

жата ма, жатпай ма деген іштейгі күдікпен «ұстадым»

деуге де аузы бармайтын.

Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: - Өзіңнің

ауыз бекітіп, бетікпегеніңді білмейсің бе? - дегенде, ләм-

мим деп жауап берместен ол жай ғана күлімсірейтін...

Шүкіршілік оразасы

Пайғамбар

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

немерелері Хасан мен

Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Уайымдаған

Әли мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда,

шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастайды. Алғашқы

күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала

бергенде, қайыр сұрап келген жетімдерге қиды. Өздері

ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші

күні де ауызашарға дайындаған тамақты  «Құдай үшін

беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште